«Бірінші жағдай емес». Атырауда 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Атырауда 5-қабаттан екі жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 12:40-та болған. Бүлдіршін Нұрсая шағын ауданындағы тұрғын үйдің бесінші қабатының терезесінен құлаған. 

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәби шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі таңда бала жансақтау бөлімінде.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мұндай жағдай жыл басынан бері оныншы рет тіркеліп отырғанын айтады. Оқыс жағдайдан екі бала қаза болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы