БЖЗҚ бірінші тоқсанда салымшыларына қанша төлем жасағанын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ.  2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледі. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдың 1 сәуіріне Қор барлығы 195 384 алушыға төлем жасаған. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалған.

Оның ішінде, зейнеткерлік жасқа толуы бойынша төлемдер – 16,7 млрд теңге, ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер – 11,6 млрд тенге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 млрд теңге,  мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 млрд теңге, жерлеуге берілген төлемдер – 780 млн теңге,  мүгедектік бойынша төлемдер – 476,5 млн теңге,-делінген хабарламада.

Зейнеткерлік жасқа толуға байланысты төленетін ай сайын орташа төлем 22 082 теңгені құраса,  ең жоғарғы төлем сомасы – 506 980 теңге болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы