Қазақстанның бірінші ракеткасы жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик Гамбург ATP жарысында жеңіліп қалды.

Ол алғашқы айналымда жергілікті теннисші Мэтс Мораингты 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Келесі кездесуде америкалық Томи Полмен жолыққан болатын. 

Алғашқы айналымды сәтті бастаған жерлесіміз, екінші айналымда сүрінді.

А.Бублик іріктеу сайыстарының финалында рейтингте өзінен үш саты төмен тұрған америкалық Томми Полмен кездесті. Америкалық теннисші 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды. Осылайша А.Бублик жүлде қоры 1,7 млн еуродан асатын Гамбург додасының негізгі турниріне шыға алмай қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы