Бірінші ойынның нәтижесін ұмыту керек – Григорчук

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Мальтада жергілікті «Валлетта» мен Қазақстанның «Астана» командасы қарымта кездесу өткізеді.

Осы ойынның алдында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Алғашқы ойынға қандай баға бересіз? 

– Біз өте жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жететіндігімізге сенімді болдық. Ойын барысында ол сенімділік тіпті артты. Аталмыш кездесуде соққан бес гол туралы біз қазір мүлде ойламаймыз. Ертең жақсы ойын көрсетіп, өткен кездесуде жіберген қателіктерді қайталамауға тырысатын боламыз. 

– Команданың Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

– Біздің дәл қазір ол туралы ойлауға мүлде қақымыз жоқ, бар ойымыз ертеңгі кездесуде. Бізге бірінші ойынның нәтижесін ұмытып, өзімізге тән футбол үлгісін көрсету қажет. 

– «Астанаға» Мальтада 200-ге жуық жанкүйер қолдау көрсетпек. Олардың қолдауы қаншалықты маңызды болмақ?

– Бізді қолдайтын жанкүйерлерге әрдайым үлкен құрметпен қараймыз. Алаңдағы көрсеткен ойынымыз тек солар үшін. Біздің жанкүйерлер «Астана Аренада» тамаша футбол атмосферасын жасай алады. Ал ертеңгі 200 қолдаушы – өте керемет жағдай. Біз өз кезегімізде Қазақстанда тақым қысып, Мальтада бізді қолдайтын жанашырларымыздың көңілінен шығатын ойын көрсетуге тырысамыз. 

– Алғашқы кездесудегі сенімді жеңістен кейін құрамда өзгерістер орын алуы мүмкін бе?

– Мен қазір бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Себебі, негізгі құрамда алаңға шығатын футболшыларды әлі де нақтылаған жоқпын. Біз ол шешімді ойын күні қабылдайтын боламыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы