Біріккен газ-химия зауытында пропан беру басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы Атырау қаласындағы біріккен газ-химиялық зауытында іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлады.

Зауытта технологиялық қондырғыларға пропан беру басталды. Осы аптада компания іске қосу – реттеу жұмыстарының екінші кезеңіне - пропанды дегидрлеу реакторларына катализаторды жүктеуге кіріседі. Зауытта өндірісті іске қосу тамыз айына белгіленген.

Атырау маңындағы біріккен газ-химия кешені - Қазақстанның мұнай-газ-химия саласындағы алғашқы ірі жобасы.

Зауытта Теңіз кен орнынан жеткізілетін пропаннан полипропилен өндіріледі. Бұл - пластикалық жіптер, құбырлар, пленкалар, сөмкелер, медициналық және басқа да өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат.

Зауыттың қуаттылығы жылына 500 000 тонна полипропиленді құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы