BIRGEMIZ. Шағын гранттар конкурсы ай соңына дейін жалғасады

«BIRGEMIZ» жалпыұлттық жобасы шеңберінде шағын гранттар конкурсы ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Birgemiz»жалпыұлттық жобасы шеңберінде шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.

Шағын гранттар конкурсы «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы жергілікті міндеттерді шешудегі волонтерлік бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Мемлекеттік гранттарды волонтер атанған, кәмелетке толған қазақстандықтар мен бастамашыл топтар мен ҮЕҰ ала алады.

Конкурс шеңберінде келесі бағыттар бойынша 300 мың теңгеден 240 шағын грант ұсынылатын болады:

  • «BIRGEMIZ: Bilim»;
  • «BIRGEMIZ: Saýlyq»;
  • «BIRGEMIZ: Sabaqtastyq»;
  • «BIRGEMIZ: Taza Álem»;
  • «BIRGEMIZ: Asyl mura»;
  • «BIRGEMIZ: Qamqor»;
  • «BIRGEMIZ: Úmit»,
  • «BIRGEMIZ: Ayala».

Қажетті құжаттар тізімі, ұйымдастырушылармен байланыс және т.б. қажетті ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының https://cisc.kz/ сайтында жарияланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы