#Birge #TazaQazaqstan акциясына 5000 ақтөбелік қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде #Birge #TazaQazaqstan акциясының алғашқы күні бастау алды. Бұл туралы Ақтөбе облысының баспасөз қызметі хабарлады.

Республика көлеміндегі экологиялық акцияға Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы ЗТБ төрайымы Айгүл Соловьева, «Konrad Adenauer» қоры Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм,облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова,қала әкімі Мавр Абдуллин қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов шараға қатысушыларға алғыс білдірді.

«Осы шараға арнайы келген азаматтарға облыс әкімінің атынан  алғысымды білдіремін.Қоршаған ортаның, тазалығы барлығымыз үшін маңызды, экологиялық акцияға Ақтөбе өңірінен жалпы  5000-ға жуық азамат қатысуға ниетті», - деді облыс әкімінің орынбасары.

 #Birge #TazaQazaqstan Республикалық, экологиялық акциясына қатысуға сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері мен   мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құралған қоғамдық бірлестік  мүшелері, ЖОО студент жастары, қоғамдық кеңес мүшелері, еріктілер мен  мемлекеттік қызметкерлерден құралған 300-ден астам азамат энергетиктер лагерінен «Тау» демалыс аймағына дейінгі аумақты тазалауға ат салысты.

Аталған шара аясында алдағы күндері  Ақтөбенің  10 аумағында яғни тазалық жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін арнайы жүк, тиегіш техникалық көліктері жұмылдырылған. Айтып өтейік, #Birge #TazaQazaqstan Республикалық, экологиялық акциясы алғаш 20 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған болатын. Ақтөбе облысы акцияны ұйымдастырған  екінші өңір болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы