"Бірге – таза Қазақстан" акциясын жамбылдық әскерилер жалғастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан «Бірге – таза Қазақстан» акциясын Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері де қолдады.
Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы Тараз қаласының Бейбітшілік көшесінің аумағын тазартып, шөптерін жұлып, суғарылатын арықтарды тазалады. Аталған экологиялық акцияға департаменттің барлық әскери қызметшілері мен қызметкерлері бірдей атсалысты.
«Бұл акцияны тек мемлекеттік қызметкерлер немесе әскери қызметшілер ғана емес, барлық қазақстандықтар болып қолдауымыз қажет. Жамбылдықтар табиғатты таза ұстайтын болса, ұрпаққа қалдырар таза суымыз бен ауамыз болады», - деді Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Бауыржан Қырғызбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Біртанов барған ауыл: дәрігер жұмысқа Нұр-Сұлтаннан қатынап жүр
Өзгелердің жаңалығы