"Бірге намаз оқимын". Нүкенованың Бишімбаевқа жазған хаты оқылды

Адвокат Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың блокнотына жазылған жазбаны оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімді қалпына келтіруге уәде беремін. Оған сенемін, қызғанбаймын деп уәде берем. Психологқа үнемі баруға, өзіммен жұмыс істеуге уәде етем. Мен шын жүректен, мойынсұнып, Қуандықты құрметтейтін болам. Отбасы ошағын қорғайтын, сүйіспеншілікке толы әрі қамқор әйел болам. Боқтамаймын, әңгіме шығармаймын. Егер сондай жағдай болса, түсіністікпен қараймын әрі өзімді ұстаймын, ант етем. Мен оның пікіріне сенем әрі ол маған жақсылық тілейді деп сенем. Мен сүйікті Қуандыққа қамқорлық жасауға, құрметтеуге, әрқашан қолдау көрсетуге міндеттенемін. Мен Қуандықпен бірге намаз оқимын, санаммен жұмыс істеймін, рухани өсем әрі Алланың көмегімен үйім мен махаббатымызды қорғаймын, - делінген хатта.

Хаттың мәтіні судья Айжан Құлбаеваның таңданысын тудырды.

Әйелі күйеуіне осындай міндеттеме алатынын жазған ба? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелінің күйеуіне осындай хат жазғанын бірінші рет естіп отырмын, - деді судья.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев неге балгерге жүгінгенін айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы