Мемлекет басшысы Бірғаным Әйтімоваға алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев өкілеттігін тоқтатқан Сенат депутаттарына жемісті еңбек еткендері үшін алғыс айтты. Бұл туралы президенттің twitter-дегі парақшасында хабарланды.

"Парламент Сенатындағы жемісті еңбектері үшін С.Громовқа, Б. Әйтімоваға, А. Бейсенбаевқа, Г.Кимге, Р.Қосдәулетовке, Р.Түсіпбековке зор ризашылығымды білдіремін", - деп жазды мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірқатар депутатының өкілеттіктері тоқтатылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы