«Бірде-бір мүмкіндік жоқ». Головкинді нокаутқа түсіруге бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Talking Town ITFC подкастының авторы, ұлыбританиялық журналист Мэтт Филлипс отандасы кіші Крис Юбэнктің (30-2, 22 КО) таяудағы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Юбэнк орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) нокаутқа түсіретінін айтқан еді. 

Филлипстің пікірінше, Юбэнк бұл айтқанын орындай алмайды. 

Бір де бір мүмкіндік жоқ, – деді сарапшы твиттерде.

Айта кетейік, Юбэнк пен Головкин 2016 жылы жекпе-жек өткізуі мүмкін еді, бірақ сол кезде екі тарап келісе алмай қалған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы