Бір жылдай тергеуде болған полковник ақталып, жұмысына қайта оралды

Айгүл Маманова ақталып шығып, ішкі істер органдарына бұрынғы лауазымына қайта оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2021 жылғы сәуірде Қостанай облысы ПД тәртіптік комиссиясының қорытындысымен Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Маманова билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылған болаты.

Қостанай қаласының №2 сотының 2022 жылғы 8 сәуірдегі үкімімен Маманова қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылып, ақталып шықты,  - деді Қостанай облыстық сотында.

Қостанай облысының полиция департаментінде қызметке қайта орналасу үшін Маманова сотқа жұмыстан босату және қызметке қайта тұру, жұмыссыз қалған уақыт аралығы үшін ақы төлеу, моральдық зиян өндіріліп алу және заңгерлік көмек көрсету туралы бұйрықтың күшін жою туралы талап-арызбен жүгінді.

Сот М. амбулаториялық емделуде болған кезде жұмыстан босату туралы бұйрық шығарылғанын анықтады. Қызметтік тергеу материалдары да тәртіптік теріс қылық неден көрініс тапқаны ашылмаған. Қостанай қалалық сотының 2022 жылғы 01 қыркүйектегі шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Қостанай облысы ПД тергеу басқармасының Аймақтық бақылау бөлімі бастығының орынбасары- полиция полковнигінің лауазымынан босату туралы бұйрығы заңсыз деп танылды және күшін жойды, ішкі істер органдарына бұрынғы лауазымына қайта келді, -деді Қостанай облыстық сотында.

Сондай-ақ жұмыссыз жүрген уақыт ішінде жоғалған табыс өндірілді. Қостанай облысы полиция департаменті бастығының атына жеке ұйғарым шығарылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kstnews.kz
Өзгелердің жаңалығы