Бір жылда 86 ауыл мектебінде интернет мәселесі шешіледі

Павлодар облысында бір жыл ішінде ауылдық жерлердегі мектептердің барлығы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Қазіргі уақытта аймақтағы 360 мектептің 275-де интернет желісі стандартқа сай. Өткен жылы бұл көрсеткіш екі есе аз болған. Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Башированың айтуынша, мәселені шешу үшін өңірде Starlink бағдарламасы іске қосылған.

Бағдарламасы осы жазда жүзеге асырыла бастады. Ауылдық жердегі 33 мектепке жылдамдығы жақсы интернет желісі тартылды. Жалпы, облыстың білім беру мекемелерінің барлығы ғаламтормен қамтылған. Алайда, кей елді мекендерде жылдамдыққа қатысты мәселе бар. Проблеманы шешу үшін Жол картасы әзірленіп, арнайы бағдарлама қолға алынды. Осы тектес жағдай шекаралас аумақтағы және таулы жерде орналасқан мектептер туындаған. Мәселені үкіметтік деңгейде шешу керек. Жағдай салалық министрліктің қолдауымен бір жыл ішінде түзеледі, - дейді Гүлмира Баширова.

Нақтырақ айтқанда, келесі жылы интернет жылдамдығы нашар 86 білім беру ошағы сапалы ғаламтор байланысына қол жеткізеді.

Саладағы шешімін тауып жатқан тағы бір мәселе – маман тапшылығын жою. Қазіргі уақытта аймақта 68 мұғалімнің орны бос тұр. Соңғы екі жыл ішінде елді мекендерге «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 400 педагог аттанған. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаның көмегімен мұғалімдердің «қартаюы» проблемасы да бірдіндеп шешілуі тиіс. Бүгінде облыста жұмыс істейтін 20 мыңға жуық ұстаздың оршаша жасы - 40-50.

Айта кетейік, облыста білім беру мекемелерінің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға жыл сайын 10 млрд теңге бөлінеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы