Бір жылда 500-ге жуық журналист сотталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Шекарасыз репортерлар" ұйымының дерегі бойынша, 2021 жылы қызмет бабы бойынша түрмеге қамалған журналистердің саны 488-ге жетті.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық көрсеткіш. Сөз бостандығын табанды қорғап, түрлі шабуылдау мен қудалауларға ұшыраған журналистер арасында 60 әйел бар.

Ең алаңдатарлық жағдай Қытай, Мьянма және Беларусьте тіркелді, бұл елдерде 212 БАҚ қызметкері темір тордың ар жағында отыр. Вьетнам және Сауд Арабиясымен қоса алғанда, осы бес ел дүниежүзіндегі тұтқындаулардың 59%-ын құрайды. Атап айтқанда, Беларусьте 32 журналист түрмеге қамалған.

Кәсіби қызметі үшін түрмеге жабылған журналистердің саны 2020 жылы бүкіл әлемде жаңа рекорд жаңғыртты. Өйткені әлем елдері басшылары COVID-19 туралы ақпаратты хабарлау үшін қатаң шаралар қабылдады және саяси толқулар туралы репортаждарды тоқтатуға тырысты. Авторитарлық мемлекеттер бұл тұста АҚШ-тан үлгі алды, -деді Журналистерді қорғау комитетінің өкілі Элана Бейзер

Журналистерді қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айындағы жағдайға сәйкес әлемде 293 журналист түрмеде отыр, оның ішінде біреуі – Қазақстанда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы