Бір жылда 350 дәрігер шетелде біліктілігін арттырды - ДСМ
Денсаулық сақтау министрлігі қолға алған маңызды бастамалардың бірі - медицина саласындағы білім берудің жаңа мемлекеттік стандарты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Ол медициналық кадрларды даярлаудың үздіксіз интеграцияланған моделін, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын даярлаудың бес жылдық бағдарламасын енгізуді көздейді.
Алты университеттік аурухананың құрылысы басталды. Салалық біліктілік шеңбері бекітілді, саланың 45-тен астам кәсіптік стандарттары әзірленіп жатыр. Сонымен қатар медициналық колледждер ауқымды аттестаттаудан өтті. 2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау үшін республикалық бюджет есебінен 4700-ге жуық білім грантын бөлді, оның 1500-і резидентура бағдарламаларына арналған. 2023 жылдан бастап резидентурада бейінді мамандарды даярлауға арналған грант саны 2500-ге дейін өседі, - делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр.
Өткен жылы республикалық бюджеттік бағдарлама және жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен барлығы 50 мыңнан астам маман, оның 350-і шетелде оқытудан өтті.
Ғылымға келетін болсақ, практикалық денсаулық сақтаудың неғұрлым өзекті мәселелерін, қартаюдың іргелі проблемаларын шешуге, жаңа инфекцияға қарсы препараттарды, биоқауіпсіздік мәселелерін және т.б. шешуге бағытталған 9 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асып жатыр.
Инновациялық қызметті дамыту үшін технологиялық құзыреттердің салалық орталығы, клиникалық зерттеулерді жүргізу үшін ұлттық платформа құруды қоса алғанда, ҚР-да клиникалық зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге жаңа тәсілдер жасауға бағытталған клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы құрылды. QazInnovations инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігімен» бірлесіп MedTech технологиялық болжауын пилоттық зерттеу басталды, - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты одан әрі дамыту мақсатында зерттеу нәтижесін талқыға шығару жоспарланып отыр