Бір жылда 20 мың адам қарулы зорлық-зомбылық құрбаны болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр жарылыстардан әлем бойынша 20 мың адам қаза тапқан, не мүгедек болып қалған. 

Бұл туралы Ұлыбританиядағы «Қарулы зорлық-зомбылық әрекеті» халықаралық ұйымының арнайы зерттеуінде айтылды, деп жазды Хабар24. 

Сондай-ақ, сарапшылардың есебінше, 2020 жылы бомбалардың, зымырандар мен гранаталардың жарылыстарынан құрбан болған бейбіт тұрғындар саны 40 пайызға өскен. 

Қаралы тізімнің алғашқы бестігінде Ауғанстан, Сирия, Пәкістан, Йемен және Ливия тұр. Ауған елінде былтыр «Талибан» лаңкестік қозғалысы көп шабуыл ұйымдастырған. Бұдан басқа әлемде ДАИШ содырлары да көп қырғын жасаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы