Бір құжат министрлер кабинетінде 30-80 күн қаралуда – Күрішбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.
Біздің министрліктердегі қазіргі тәртіппен, яғни Үкіметтің шешімдерін келісуге жылдар кететін жағдайда, экономикамызда жылдам өзгерістердің болатынына сену қиын. Үкімет және тиісінше, барлық министрлер бекіткен АӨК-нің мемлекеттік бағдарламасында 2018-2019 жылдың ішінде С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ базасында зерттеу университетін құру қарастырылған. Міне, жақында 2020-2021 жаңа оқу жылы басталады, ал зерттеу университетін құру және оның Бағдарламасын бекіту туралы қаулы әлі жоқ. Өткен жылдың шілдесінен бастап ҚР Үкіметі қаулысының жобасы министрліктердің қарауында бір тұйық шеңбер ішінде жүр. Алғашқы қарау кезінде бір ескертулер болса (тіпті, кейбір мемлекеттік органдар ескертусіз келісімін де қойған), қайта қарау кезінде оларда кенеттен жаңа ескертулер пайда бола қалады, - деп жазады ол.Оның жаузында, бір құжат министрлер кабинетінде бес реттен, тіпті кейбірінде 30-80 күн ұзақтықпен қаралуда.
10 жыл бұрын, мен Үкіметте жұмыс істеген кезде, бізде келіп түскен құжатты белгіленген мерзімде қараудың қатаң ережесі сақталатын, оны бұзғаны үшін тәртіптік шара қолданылатын. Ал мен баяндап отырған мәселеде бүкіл мемлекеттік бағдарламаның орындалуы тоқтап тұр. Бірақ мұны ешкім бақыламайды және ол үшін ешбір адам жазаланбайды. Мемлекеттік органдардың осылай жұмыс істеуіне бола ма? Премьер-министрдің кеңсесі қайда қарап отыр? Мемлекеттік қызмет агенттігі немен айналысады? Біз осындай жағдайда Президенттің тапсырмаларын қалай орындаймыз және пандемиядан кейін ел экономикасын қалай көтереміз?, - деген сауалмен түйіндеді ол жазбасын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Экология және табиғи ресурстар министрін қабылдады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы