Бір жарым айда анықталған тыйым салынған контенттің 87%-ы жойылды – Балаева
TikTok-тағы заңсыз контентті жою – кезек күттірмейтін іс. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева @qogamnews Telegram-арнасына берген сұхбатында TikTok-тағы заңға қайшы контенттерді жою бойынша ынтымақтастық әрекеттердің нәтижесін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік әлеуметтік желілерді тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Егер заңсыз материалдар анықталса, тиісті платформаларға хабарлама жіберіліп, оларды жою талап етіледі.
Біз заңға қайшы келетін көптеген контентті анықтап, оны жоюды TikTok әкімшілігінен талап еттік. TikTok командасына сындарлы диалог пен тиімді жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Соңғы бір жарым айда анықталған тыйым салынған контенттің 87%-ы жойылды, – деді Аида Балаева.
Министр басқа әлеуметтік желілерді де мемлекетпен белсенді түрде ынтымақтасуға шақырды. Ол ведомствоның заңсыз материалдарды өшіруден бас тартқан жағдайда, трафикті шектеу сияқты заңды тетіктері бар екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы