Алматыда бір үйдің екі қызы 25 жыл бойы құжатсыз жүрген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда туған апалы-сіңлілер 25 жылдан астам уақыт азаматтығын растайтын құжатсыз өмір сүріп келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бір ай бұрын Бостандық аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне әпкелі-сіңлілі екі әйел келіп, жеке басын және Қазақстан азаматтығын құжат беруді сұрады. Олардың айтуынша, ата-анасы Кореяға кеткеннен кейін қалада көп жылдар бойы әжесінің қолында тұрды. Қолдарында туу туралы куәліктерінен басқа еш құжат жоқ. 16 жасқа толғанда отбасылық мәселелер мен тұрақты тіркеуінің жоқтығынан апалы-сіңлілер жеке басын куәландыратын құжатты жасатпаған", - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Құжат жоқтығының азабын олар некеге тұрғаннан кейін және өз балалары дүниеге келгеннен кейін тартқан. Туу туралы куәліктерді, жәрдемақы ала алмай, басқа да құқықтық мәселелерін шеше алмай қалған."Әпкелі-сіңлілердің құжаттарын қарастырғаннан кейін көші-қон қызметі "ҚР азаматтығы туралы" ҚР 1991 жылғы 20 желтоқсандағы 1017-XII Заңының 3-бабына сәйкес, әйелдердің ҚР азаматтығын мойындауы туралы шешім қабылдады. Күні кеше оларға жеке басын куәландыратын құжаттар берілді", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада ұры дүкенде әйелдің телефонын үптеп кетті
Өзгелердің жаңалығы