15 Қазан 2026, 18:47 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бір видео - бір сапар: Тревел-контент Қазақстанға қызығушылықты қалай арттырады?

Әр өңірдің өз тарихы, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен адамдары бар. Осы ерекшеліктерді көрерменге қызықты жеткізіп, оның сол жерге баруға ықыласын ояту үшін қандай мазмұн қажет?

BAQ.KZ тілшісі «Саяхат Time» жобасының авторлары режиссер - Ернар Амалбек пен журналист Жазира Байдалымен сұхбаттасты.

Сұхбатта жобаның дүниеге келуіне түрткі болған идея мен оның мақсатына тоқталамыз. Қазақстанды отандық және шетелдік көрерменге тартымды таныту үшін қандай тәсілдер қажет? Танымал бағыттарды көрсетумен шектелмей, көпшілік біле бермейтін мекендерге назар аудартудың жолы қандай? Осы сұрақтар арқылы ішкі туризмді насихаттаудағы контенттің рөлін талқылаймыз.

Сондай- ақ тревел-медиа жастарға қандай мүмкіндік ұсынады, бұл бағытта өз жолын тапқысы келетін адам неден бастауы керек? деген секілді сұрақтарға жауап іздейміз.

Саяхат, медиа және ұлттық мәдениет тоғысқан әңгімені толық сұхбаттан көріңіз.