Бір университетте 30-ға жуық ғылымдар әулеті бар

Ертіс өңіріндегі Торайғыров университетінде ғылым жолын таңдаған әулеттер баршылық. Бүгінде оқу орнының профессорлық құрамында 30-ға жуық ғылыммен айналысатын отбасы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Ұрпақтар сабақтастығы - ғылым дамуының маңызды факторы. Қатарластарына үлгі бола білген отбасылардың қатарында техника ғылымдарының кандидаты Төлеуғазы Тоқтағановтың жанұясы бар. Бүгінде профессордың үш немересі ғылым саласында еңбек етіп жүр.

Төлауғазы Тоқтағанов саналы ғұмырының 50 жылын осы салаға арнаған. Осы уақыт аралығында техника саласы бойынша 100-ден астам ғылыми еңбек жазды.

Тұңғыш немерем Самал Антикеева – PhD докторы. Тағы екі немерем Астанада IT саласындағы ғылыми жұмыстармен шұғылданады. Ғылымммен айналысу ел экономикасы үшін аса маңызды шаруа. Қазіргі уақытта жастарды ғылымға деген құштарлығы зор. Көліктік техника және лдогистикасы кафедрасының өзінде бес жігіт докторлық диссертацияларын қорғауға дайындалып жатыр. Аға буын өкілдері тарапынан қолдау да бар. Жағдай да жасалған. Мәселен, факультетімізде металлургия, машина жасау және көліктік техника бағыттары бойынша диссертациялық кеңестер бар. Өз басым жас шағымда техникаға қызығушылық танытып, соңы ғылым саласына алып келді. Яғни, автомобиль және трактор саласының фрикциялық элементтерін зерттеумен айналыстым. Бұл салаға сұраныс болды, - дейді профессор.

Айта кетейік, былтыр университет ғалымдары 958 млн теңге көлемінде гранттық қаржыландыру алды. Торайғыров универитетінде  жеті диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Жоғары оқу орнының төрт ғылыми журналы Ғылым және жоғары білім министрлігімен мақұлданған. Үш жыл ішінде өнертабыстар бойынша 110 патент тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы