Бір түнде Астанадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордада қарқынды қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таңертең қар тазалауға 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

4 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарында 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмыс істейді.

3 наурыздан 4 наурызға қараған түні қаладан 1,88 мың ауыр жүк көлеміне тең 23,4 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басынан бері қаладан полигондарға 423,2 мың рейс, 5,7 млн текше метр қар шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы