"Бір терезе" қағидаты бойынша тұтынушылар шағымын қабылдаудың бірыңғай платформасы іске қосылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов онлайн Үкімет отырысы барысында айтты.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның жаңа нормалары шеңберінде министрлік "бір терезе" қағидаты бойынша тұтынушылардан шағымдарды қабылдаудың бірыңғай платформасын іске қосуды көздеп отыр. Ол тұтынушыға өз құқықтарын қорғауға, сондай-ақ білімін және бизнес мәдениетін онлайн режимде жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша маркетплейс тақырыбы Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одағы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күн тәртібіндегі тренд, - деді министр.

Бақыт Сұлтанов Халықаралық сауда орталығымен (ITC) бірлесіп "Ready4Trade Central Asia" ауқымды 4 жылдық жобасы іске асырылып жатқанын жеткізді. 

Ондағы мақсат – Орталық Азияның бес елінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан) ішкі аймақтық және халықаралық саудасын дамытуды қолдау. Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында: сауданы дамытудың мониторингі мен талдауының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құру, электрондық сауда нарығының статистикалық есебін, талдамалық және маркетингтік зерттеулерін жетілдіру, электрондық платформаларды дамыту және кеңейту, фулфилмент орталықтарының желісін кеңейту, кәсіпкерлерді оқыту жөніндегі e-commerce орталықтарын ашу бойынша бірқатар шаралар көзделуде, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы