30 Қыркүйек 2024 2024, 07:45
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Бір тәулікте 4 автокөлік өртке оранды
Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 4 автокөліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 4 автокөліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орын алды.
ТЖМ күштерімен 1 жеңіл автокөлігі және 3 жүк көлігінің жануы сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ азаматтардан автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.