Бір тәулікте 10 мыңға жуық қазақстандық жаңа АЭС-ке атау ұсынды

25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттік мәлімдеді.

Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. Оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған.

Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау.

Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін:

  • тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
  • атаудың өз нұсқасын ұсыну;
  • қажет болған жағдайда оның мәнін қысқаша түсіндіру;
  • конкурстың ресми ережелерімен танысқанын растау қажет.

Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.

Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын энергетикасы тарихына үлес қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы