Бір тәулікте коронавирустан 9, пневмониядан 7 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 531 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 43 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 24 632, 278 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 299 жетті.Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы