Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 13 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 558 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
Бұл індеттен 355 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 24 101, 271 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 256 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 976 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 548 науқас жатыр. 4 428 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 267 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 47 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы