Бір тәулік. Бразилияда коронавирус індетін 17 110 адам жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда бір тәулікте  COVID-19  инфекциясын 17 110 адам жұқтырған. Елдегі жалпы науқастар саны 867 624-ке  жетті, деп хабарлады russian.rt.com.

Мәліметтерге сәйкес, бір тәулік ішінде коронавирустан 612 науқас көз жұмған.

Ал эпидемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 43 332 адам қайтыс болған. Бразилияда COVID-19-дан өлім-жітім 5%-ды құрайды. Вирустан 388 492 адам емделіп шыққан.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан Бразилияның медициналық жүйесі COVID-19 жағдайымен күресуге қауқарлы екенін атаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы