Бір сотталған азаматқа ескерту берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағында 14-24 наурыз аралығында «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Мұндағы мақсат – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау.
Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеру, олармен тәрбиелік-профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізу, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау.
Профилактикалық шара аясында Арал аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен аудандық пробация қызметі екі күні ішінде пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған 15 азаматтың мекен-жайларын тексеріп, өздерімен және олардың тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін туған-туыстарымен профилактикалық сұхбат жүргізді. Профилактикалық шара барысында мекенжайында болмаған бір сотталғанға ескерту берілді.