"Бір шыныаяқ кофеден де арзан". Италияда 540 теңгеге үйлер сатылып жатыр

Италияда бір еуроға сатылып жатқан көне үйлер бүкіл әлемнің қызығушылығын турдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Соңғы жылдары көптеген италиялық қалалар бір еуроға сатылатын тастанды ескі үйлер бағдарламасымен танымал бола бастады. Бұл бастама алғаш рет 2017 жылы іске қосылған. Оның басты мақсаты – халық саны аз ауылдарды қайта жандандырып, жергілікті экономиканы қолдау.
Бағдарлама аясында Сицилия, Калабрия секілді көркем аймақтарда кез келген адам үй сатып ала алады. Бірақ бір шарты бар – сатып алынған үйді белгіленген мерзімде жөндеу қажет.
Осы уақытқа дейін 100-ден астам үй жаңа иесін тапқан, ал мұндай үйлерге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Алайда сатып алу процесі алғаш қарағанда оңай көрінгенімен, күрделі болуы мүмкін.
Сатып алушылар жөндеу жоспарын бір жылдың ішінде жасап, тіркеу және нотариус қызметіне байланысты төлемдерді өтеуі тиіс. Көптеген үй ауқымды жөндеуді қажет етеді. Іргетасты нығайтудан бастап, сантехника мен электр желілерін толық ауыстыруға дейін, бұл айтарлықтай шығынға алып келуі мүмкін.
Мысалы, Сицилия орталығындағы Муссомели қаласында XVII ғасырда салынған бес тарихи үй небәрі 1 еуроға сатылуда.
Аталған үйлердің бірі – екі жатын бөлмесі және бір жуынатын бөлмесі бар шағын үй. Алайда фотосуреттер оның өте нашар күйде екенін көрсетеді: электр жүйесі, сантехника, жылыту және желдету жүйелері жоқ.
Жай ғана емес, толықтай жөндеу шығу қажет.
Үйді қалпына келтірумен қатар, иесіне интернет, теледидар, тұрмыстық техника мен жаңа жиһаз сатып алу қажет болады. Бұл үй Аградженто қаласынан 53 шақырым, Рагуза қаласынан 199 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудандағы климат: жазда +32°C-қа дейін, қыста +3°C шамасында болады.