Бір сағат ішінде жүрегі 3 рет тоқтады. Дәрігерлер жүкті әйелді өлімнен құтқарып қалды

№2 қалалық көпбейінді ауруханаға жағдайы өте ауыр жүкті науқас жедел жәрдем қызметімен жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 жастағы Анастасия жүктілік кезіндегі ауыр созылмалы аурудың салдарынан жүректің үш рет тоқтауынан кейін шок күйінде жеткізілген.

Дәрігерлер реанимация бөлімшесінде ӨЖЖ аппаратына қосылған науқастың өмірі үшін 3 апта бойы күресті. Ауруханаға түскен күннен бастап бір апта өткен соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. 1 ай бойы барлық медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасынла науқас тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді.

Олар менің баламды құтқарып, ана дүниеден қайта шығарды, – деді Анастасияның анасы Аурухананың барлық медициналық қызметкеріне алғысын білдіріп.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінгі күні науқас өзін жақсы сезінетінін және ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы