Бір қолға 10 жұмыртқа. Атырау облысындағы жұмыртқаға шектеу не үшін қойылды?
Атырау облысында жұмыртқаға айлық қажеттілік 7,9 млн дана болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысында жұмыртқаға айлық қажеттілік 7,9 млн дана болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірде жұмыртқа өнімдерін өндіру бойынша 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл «Алмалы құс» және «Бақай Құс» ЖШС. Олардың өндіріс қуаттылығы 1 айда 2 млн дана. Бұл 2 кәсіпорын облыс қажеттілігінің тек 30% - ын қамтамасыз етеді. Өңірдің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан жұмыртқа өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлады Атырау облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков.
Бірінші санаттағы жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіреді.
Бүгінде жұмыртқа өнімдері «айналым схемасы» арқылы 38 сауда саттық нүктесінде, құны 35,6 теңгеден Идеал-маркет арқылы сатылады. Алыпсатарлық әрекеттер мен жұмыртқа тапшылығының алдын алу мақсатында Идеал-маркетке бір қолға 10 жұмыртқадан аспайтын шектеу белгіленді. Басқа сауда орындарында мұндай шектеу жоқ, - деп хабарлады Н.Жаңабеков.