Бір палаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктері талқыланады

Бүгін Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыстың күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде болашақ бір палаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктерін талқылау жоспарланып отыр, – деп мәлімдеді Парламентаризм институтынан.

Еске сала кетейік, бұған дейін өткен отырыстарда парламенттік реформа саяси жаңғырудың маңызды кезеңі екені, заң шығару билігінің рөлі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кәсіби заң шығару ісін одан әрі дамытуға бағытталғаны айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы