Тағы бір облыс әкімінің орынбасары дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті.
Ол Целиноград облысы Ерментау ауданы Бестөбе ауылында туылған.
Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы "Изобиль" совхозы 2-бөлімшенің жұмысшысы болып бастаған.
1983-2014 жылдары Целиноград облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері,
Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байлынысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы,
"Қазпошта" ашық акционерлік қоғамы "Астана поштамт" Астана қаласы филиалының бастығы,
Астана қаласы "Горкоммунхоз" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры,
"Астана Горкоммунхоз" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы,
"Кредит Құрылыс НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс директорының орынбасары,
Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі,
Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі,
ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және жер ресурстары басқармасының төрағасы болып қызмет жасаған.
2014 жылдың қараша айынан Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
2019 жылдың ақпан айынан бері Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қайтыс болғаны туралы хабарлағанбыз.