Бір күнде Астанадан жүк көлігімен 600-ден аса рейс қар шығарылды

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бір күнде олардың күшімен қаладан 7,7 мың текше метрден аса қар шығарылды.

2 желтоқсаннан 3 желтоқсанға қараған түні көшелерді қар мен мұздан тазартуға 388 арнайы техника, 181 жол жұмысшысы шықты.

2 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар полигондарына ауыр жүк көлікпен 622 рейс, 7,7 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 64 мыңға жуық рейс арқылы 810 мың текше метр қар шығарылды.

Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар сынды орындар қардан тазартылады.

Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы