Бір-бірін 30 жыл көрмеген әке мен бала

Семей полицейлері бір-бірін 30 жыл көрмеген әке мен баланы қауыштырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының тұрғыны ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген. Жас жігіт екі жаста болғанда ата-анасы ажырасып кеткен. Ол қазіргі уақытта Павлодар қаласында анасымен бірге тұрады. 

Ол бала кезден әкесін көргісі келетін. Жақында әкесін іздеп табамын деп шешім қабылдап, әкесінің орналасқан жерін анықтау мақсатында Семей қаласының полицейлерінен көмек сұрады. Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Баймурин толыққанды іздеуді ұйымдастырып, ер адамның әкесінің орналасқан жерін анықтады. 

Оның әкесі ескі мекенжайда ұзақ уақыт тұрмағаны, пәтерін сатқаны және шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болды. Екі жаққа кеткеннен бері арада 30 жыл өткен, ақырында учаскелік полицияның арқасында әке мен бала қайта табысты. 

Жас жігіт полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы