Бір айда қант бағасы тағы 13 пайызға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қант сату шамамен 20 пайызға төмендеді. Биыл қаңтар-сәуір айлары қорытындысы бойынша ішкі нарықта қант өткізу көлемі 125,3 мың тоннаны құрады.
Energyprom.kz сарапшыларының пікірінше, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда аз. Нарықтағы отандық қант зауыттарының үлесі бір жыл бұрын 42,2%-ға қарағанда 51,5%-ды құрады.
ҚР-ға құрақ немесе қызылша қантының және химиялық таза сахарозаның импортымен байланысты сектордағы импорттың жалпы көлемі төрт айда 118,6 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 23%-ға аз.
Ресейден 60,5 мың тонна қант пен сахароза әкелінді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға аз. Импорт көлемі бойынша келесі орында Бразилия тұр: төрт айда 57,7 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға кем.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ: Жер бетінің 3/4 бөлігіне адамзат залал келтіріп отыр
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы