Ғалымдар бір ай бойы нан жемеудің соңы неге әкелетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір ай бойы рационыңыздан нанды алып тастасаңыз, әрине, ең алдымен салмақ жоғалтатыныңыз анық. Сондықтан мұндай тәсілге көбінесе артық салмақпен қош айтысқысы келетіндер жүгініп жатады. Бірақ нан өнімдерінен үзілді-кесілді бас тарту ағзаға зиян деп отыр Inosmi.ru.

Медицина консультанты, дәрігер Усама Абу ар-Руб наннан бас тартсаңыз, салмағыңыз азайып қана қоймай, организмдегі су да азаяды дейді. Себебі ағзаға көмірсу аз түссе, бұлшықет пен бауырдағы гликоген түрінде жиналған энергия қоры жағыла бастайды. Осының салдарынан организмнен артық су шығып, салмақ азаяды. Сондай-ақ тәбет те төмендейді. Оны ғалымдар нанның құрамында болатын рафинадталған көмірсулардың қандағы қант деңгейін бірден көтеретіндігімен байланыстырып отыр. Ондай жағдайда организм оны бірден инсулиннің көмегімен төмендетуге тырысып, нәтижесінде адам қарны ашқанын түсінеді.

Ғалымдар наннан толықтай бас тарту организмге зиянды екендігін алға тартты. Себебі нанның құрамында болатын тұтас дәнді ұн магний мен В тобы дәрумендерінің және ағзаға қажетті өзге де пайдалы заттардың қайнар көзі екені анық. Сонымен қатар қандағы холестерин деңгейін қалыпта ұстап, жүрек ауруларының, инсульт, семіздік, 2-типті диабеттің алдын алуға көмектеседі.

Денсаулығыңызды сақтау үшін тек рафинадталған ұннан жасалатын ақ нанды шектеу жеткілікті көрінеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы