Бір ауыз сөзден басталған жанжал: Ақтөбеде ер адамды күштеп көлікке тиеп әкеткен
Оқиға бейнетіркегішке түсіп қалған. Күдіктілер арнайы операция кезінде ұсталды. Толығырақ материалда.
Ақтөбе қаласында 102 арнасына бірнеше ер адамның бір азаматты күштеп автокөліктің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түсті.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, адамды ұрлау сәті оқиға орнынан өтіп бара жатқан автокөліктің бейнетіркегішіне түсіріп қалған. Бұл бейнежазба қылмыстың мән-жайын анықтау барысында полиция зерттеген негізгі дәлелдердің бірі болды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қолдауымен күдіктілер мінген Lexus автокөлігін тоқтатып, оларды ұстады, - деп хабарлады облыстық ПД.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жол үстіндегі жанжал себеп болған. Жәбірленуші жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқанда жүргізушінің әрекетіне ескерту жасаған. Осыдан кейін олардың арасында сөзге келу орын алған.
Кейін күдіктілер жәбірленушінің үйінің маңына келіп, оны күткен. Ер адам таксимен өз шаруасымен шыққан кезде олар көлікпен жолын бөгеп, таксиді тоқтатқан. Артынша жәбірленушіні күштеп көліктен шығарып, Lexus автокөлігінің жүксалғышына салып әкеткен.
Аталған факті бойынша адам ұрлау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тағы оқи отырыңыз: "Басы тоңазытқыштан табылды": Хромтауда ер адамның жоғалуына қатысты сұмдық қылмыстың беті ашылды
- Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй аукционға шығарылды 14:33
- Елімізде 13,5 млн тонна астық бастырылды 14:25
- Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды 14:10
- Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ сарапшыларын таңғалдырды 13:51
- Астанада «ГАЗель» толық өртеніп кетті: Тағы екі көлік зақымданды 13:29
- Математиктер 90 жыл шеше алмаған есепті OpenAI шешті 13:06
- ADCB Kazakhstan қаржыландыру көлемін 3 есе арттырады 12:45