Бірқатар әскери қызметші қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірқатар өңіріндегі әскери қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыстарын (тұрмыстық жемқорлық) жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық қызметі майор Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысына қатысты тергеу жүргізіуде. 

Ол әскери есепте тұру туралы анықтама және шекті жасқа жету бойынша әскер билет беруде ықпал еткені үшін азаматтан 35 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті мен оның қорғаушысының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу туралы ұсынымына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ, - делінген хабарламада.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

20 қарашасында Шымкент гарнизонының әскер сотымен алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысы Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің басшысы, капитан Б.Алиев өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, әскери шенінен айыра отырып, 800 мың теңге айыппұл төлеу жазасымен сотталды, - деді ведомствода.

Ол алдау және сенімді асыра пайдалану арқылы азаматтың ұлын ҚР Қарулы күштеріндегі қызметін кейінге шегергені үшін 80 мың теңге көлемінде қаражатын иемденгені үшін күдікті болған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы