Бірқатар компания мен кәсіпорын үшін салық жүктемесі азайтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында компаниялар мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылғандығын айтты.
700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік алды. Жұмыс барысында олқылықтардың болғанын да мойындауымыз керек. Індет көп таралып, экономикалық мәселелер қатты ушығып кеткені рас, - деді Мемлекет басшысы.Соған орай, дер кезінде шұғыл шаралар қабылданды.
Көптеген мәселе қоғам өкілдерінің белсене қатысуы арқылы шешілді. Бұл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды кезеңіне айналды. Коронавирус пандемиясы әлемдік рецессияның басталуына себеп болды. Тіпті ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін, - деді Президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Облыстар арасында көлік жолдары ашыла ма?
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы