Бір аптада қандай және қанша қылмыс жасалғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.

Бір апта ішінде 3016 қылмыс жасалды, оның 2001-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 14 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 33 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ ол 20 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіліп жатқанын айтты.

Бұл акцияның мақсаты - атыс қаруымен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Акция басталғаннан бері ішкі істер органдарына азаматтар ерікті түрде 619 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 71 бірлік – ойық ұзын ұңғылы; 537 бірлік – тегіс ұңғылы; 11 бірлік – травматикалық; 1 снаряд; 14 283 қарудың патрондарын тапсырды. Барлық тапсырылған қару есепке алу бойынша тексерілді және криминалистикалық сараптамадан өтті. Тапсырылған қару-жарақ үшін берілетін төлемнің алдын ала сомасы 58 млн 747 мың теңгені құрайды, - деді ол.
Еске салсақ, Алексей Милюк брифинг барысында азаматтардың жартысына жуығы өздерінің учаскелік инспекторларын білмейтінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы