Бір аптада 2500-ден астам қылмыс жасалды - ІІМ

Өткен аптада республика аумағында 2500-ден астам қылмыс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 2587 қылмыс жасалды, оның 1529-ы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.

Айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.

Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 27 тонау және 336 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы