Бір аптада 2437 қылмыс жасалған
Бір апта ішінде 2437 қылмыс жасалған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елдегі криминогендік жағдайға тоқталған спикер елде апта ішінде орын алған қылмыстар туралы айтты.
Елде бір апта ішінде 2437 қылмыс жасалған. Оның 1515-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері істің ізін суытпай 6 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеліп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруді, 19 тонау, 279 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді спикер.
Сондай-ақ Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Жедел әзірлеменің нәтижесінде 19-21 жас аралығындағы 6 жігіт осындай қылмысқа барған. Күдіктінің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен бір қойды тәркілеген. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы әкімдігі арасы ажыраған көпірге қатысты түсініктеме берді
Өзгелердің жаңалығы