Бір аптада 17 мың қоңырау: Қазақстандықтар жол сапасына шағымдануда

Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 17 мыңнан астам өтінімді өңдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, өткен аптада 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 17 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді.

Азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылған. Осы жүйенің көмегімен 4 174 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 12 076 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 1 457 азаматтардың өтінімдері қабылданды.

Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Павлодар, Түркістан және Ақмола облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы