Бір апта ішінде елімізде өтетін спорттық жарыстар кестесі жарияланды

Туризм және спорт министрлігі алдағы аптада отандық спортшылардың қатысуымен өтетін спорттық оқиғалардың кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 21–22 қазанда Алматыда Almaty Cyber Games International халықаралық киберспорт және ойын мәдениеті фестивалі өтеді. Турнир CS:Dota 2 және FIFA ойындары бойынша финалдық жарыстарды қамтиды. Қонақтардың арасында Иван Жарков (Marvel киноәлеміндегі Тордың дауысы), сондай-ақ танымал киберспортшылар mou, Dosia және стримерлер Leo KZ, baxadoto, Q.bro бар.

22–25 қазанда Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының 2024–2025 жылдың негізгі кезеңі басталады. «Қайрат Футзал», «Семей», «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) командалары элиталық кезең жолдамасына таласады.

22–26 қазанда Қарағандыда ерлер мен әйелдер арасында блиц және рапид бойынша шахматтан Қазақстан Республикасы командалық чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.

26–27 қазанда Алматыда Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстанның XXXIII баскетбол чемпионаты өз жанкүйерлерін күтеді. «Алматылық Легион» баскетбол клубы өз алаңында Ақтаудан келген БК «Каспий» командасын қабылдайды.

27 қазанда Алматыда «Астана-Ақтөбе» футбол матчы күтілуде.

27–28 қазанда Алматыда Ерлер командалары арасындағы ұлттық баскетбол турнирі спортсүйер қауымға есігін айқара ашады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы