Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі маңызды екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тағы бір бастама – Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды. Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс, - деді Президент
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Демографиялық ахуал жақсарып келеді - Президент
Келесі жаңалық
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы