Бір адамды шығарып алудың өзі үлкен еңбек – адвокат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының мүшесі Мәди Мырзағараев журналистерге арналған брифингте айтты. 

Талдықорғанда азаптауға қатысты бір жедел уәкілдің қамауға алынған.

Біз аралаған өңірлердің өзін санасақ, полиция қызметкерлеріне қатысты 50 шақты қылмыстық іс қозғалған. Ешкімнің ешкімді азаптауға құқығы жоқ. Тіпті, соғыс уақытында тұтқынға түскен тұтқынды да азаптауға ешкімнің құқығы жоқ. Бізге азаптау, ұрып-соғу, қинау туралы деректер түссе, біз оны ашық айтып, құзырлы органдарга жазбаша жеткізіп жатырмыз, - деді Мырзағараев. 

Сондай-ақ адвокат көмек көрсетілгендер іріктелмегенін де атап өтті. 

Іріктеп алғандар, іріктеп шығарғандар деген дұрыс емес. Себебі олар іріктеп алып, шығарылғандар емес. Біздің көмектесе алған, жәрдем көрсете алған адамдар. Жетпегендері де бар ішінде. Бір адамды шығарып алудың өзі үлкен еңбек. Кедергілер мен ауқымды жұмыс істеу керек. Бірақ бұл қалғандары  кінәлі деген сөз емес, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы