Елімізде биоқауіпсіздікті бақылайтын 13 ғылыми мекеме бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі журналистердің қатысуымен өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
Биологиялық қауіпсіздік кеңесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оған еліміздегі беделді ғалымдар тартылатын болады. Жалпы, биоқауіпсіздік саласы бойынша елімізде 13 ғылыми мекеме бар. Ең алдымен, осы мекеме өкілдері қатысады. Сонымен қатар, тиісті мемлекеттік органдардың мүшелері де кеңес құрамына кіреді деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда нақты тізім жасалып жатыр, - деді министр.
Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында іргелі зерттеулер саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды.
Көбіне біздің назарымыз қолданбалы зерттеулерге түсіп кетеді. Әрине, ол да маңызды. Өйткені, оның нәтижесін тез көруге болады және экономикаға деген ықпалы да жылдам байқалады. Бірақ, қолданбалы зерттеулер болуы үшін ең алдымен, іргелі зерттеулер болуы қажет. Сондықтан, біз үшін іргелі зерттеулер саласын дамыту маңызды болып отыр. Ал, гуманитарлық бағыттағы іргелі зерттеулерді алар болсақ, оның қандай нәтиже беретіні біраз адамға түсініксіз. Бірақ, бұл бағыттағы зерттеулердің мемлекетке берері ұшан-теңіз. Осы институттарды қолдау бағыты бойынша нақты ұсыныстар бар, жұмыс жүргізілуде. Ғалымдарды да, институттарды да қолдау мәселесі қаралуда. Ғылым саласында үш түрлі қаржыландыру бар: базалық, бағдарламалық және гранттық. Осы барлық тарап бойынша жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы