Билл Гейтс Microsoft директорлар кеңесінен шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық кәсіпкер енді уақытының көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ. Мұнымен қоса Билл Гейтс компанияның бас директорының кеңесшісі болып қалады.
Бұл туралы 13 наурызда жарияланған хабарламада айтылған.Компанияның құжатында көрсетілгендей, Гейтс енді "денсаулық сақтау, даму, білім, сондай-ақ климаттың өгеруімен күрес салаларына уақытын көбірек бөлмек".
Сонымен қатар, Гейтс Microsoft директорының және басқа да басшыларының техникалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып қалады.
Қазір компания басшысы – Сатья Наделла.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: жаңа оқиға тіркелген жоқ – ҚР ДСМ
Өзгелердің жаңалығы